Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе. Сол себептен, бекітілген жоспарға, кестелерге сай мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, орындалуын бақылау мақсатында 2018 жылдың 7 айында аудандар мен қалаларда, ауылдық округтерде, облыстық басқармаларда, облыс әкімі аппаратында –139 семинар кеңестер өткізілген. Бұл облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішевтің 7 айлық есебінде айтылды.
Осындай семинарлар биылғы жылы 76 ауылдық округтерде өткізілді. Бұл семинарларға жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілер және де білім, медицина, мәдениет салаларының басшы қызметкерлері қатысып, Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы, Рухани жаңғыру, мемлекеттік қызметшілердің ішкі өзгеріске енуі, талапқа сай түзелуі мәселелері кеңінен талқыланды.
2018 жылдың 7 айында Түркістан облысы әкімдігіндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің атына 17 арыз түсіп, облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 8 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілген.
Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 2018 жылдың 7 айында 17 адам хабарласып, олар мемлекеттік қызметкерлердің дөрекі мінез көрсеткендігіне, азаматтық құқықтарының бұзылуы, ауылдық округының әкімі тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалмауына, ауылдық округінің әкімінің қызметінің сапасына, ауылдағы тұрғындар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың төмендігіне, қала әкімінің жеке қабылдауына кіруге көмектесуін сұрады. Бұл өтініштердің барлығына сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. Кейбір қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен арыздардың 3-і құзіреттілікке байланысты облыстық Әдеп кеңесіне жолданып, 1-і бойынша қозғалған тәртіптік істің шешімімен Кентау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасарына «Қатаң сөгіс» берілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтерінің тиімділігі оларға көрілген тәртіптік шаралар арқылы да зерделенуде. 2016 жылы облыстық басқармалар, аудандар мен қалаларда 43 мемлекеттік қызметші Әдеп кодексі талаптарын бұзса, 2017 жылы Әдеп Кодексінің талаптарын 42 мемлекеттік қызметші бұзған. Облыстық Әдеп кеңесінің отырысында 2016 жылы аудандар мен қалалар бойынша 69 іс қаралса, 2017 жылы 65 іс қаралған.
ontustik.gov.kz