Ауласына қарасора егемін деп сорлап қалды

764

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Ордабасы АІІБ полицейлерінің «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жергілікті тұрғынның ауласынан қарасора егісін анықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктіден 12 түп құрамында есірткі бар өсімдік пен кептірілген марихуана түйіншегін тәркілеп алды. Сараптамаға сәйкес тәркіленіп алынған есірткі заттары шамамен 5,5 кг қарасораны және 10 гр. марихуананы құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» екі бабы бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.