Үстіміздегі жылдың 23-26 шілде аралығында 4 бағыт бойынша құрғақ шөп өртенген дейді төтеншеліктер. Айтуларынша, Борлысай ауылдық округінің Ақтас және Ақбастау елді мекендері аралығындағы таулы жерлерде құрғақ жер өртеніп, жалпы аумағы 276 гектрады құраған.
4 күн бойы үш бірдей ауылдық округте өрт сөндіру қызметінің 66 жеке құрамы мен 8 техника және орман шаруашылығының 115 өкілі мен 20 техникасы дала өртімен күндіз-түні күрескен. Тек 26 — шілдеде төртінші күн дегенде таңғы сағат 5:00 шамасында өрт толығымен сөндірілген. Айта кетейік, бұл аудан аумағындағы жыл басынан бері тіркелген 2-ші табиғи өрт.