Балаларды оңалту орталығындағы медициналық қызмет қарқынды жүргізіліп келеді

720

Облыстық балаларды оңалту орталығындағы медициналық қызмет қарқынды жүргізіліп келеді. Алты ай бұрын ашылған медициналық мекемеде бүгінге дейін мыңға жуық бала ем қабылдап шыққан.

Бұл орталықта дәрігерлер жүйке жүйесі зақымданып, неврологиялық ауруға шалдыққан жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетеді. Ем қабылдайтындардың басым бөлігі — церебральді сал диагнозы қойылғандар.

Марияр Парманқызы, облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігерінің орынбасары: «Орталық жыл бойы және тәулік бойы қызмет атқарады. Орталықта 3 жастан 17 жасқа дейінгі жүйке жүйесі органикалық зақымданған балалар емделеді. Мұнда бір жылда 1800 бала ем қабылдайды. Орталықта емдік жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. Медициналық оңалту бөлімі және әлеуметтік оңалту бөлімі. Емдік дене шынықтыру, физио емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу. Сондай-ақ, орталықта эрготерапевт, логопед-дефектолог, психолог, Монтессори педагогы, әлеуметтік педагог, ән-күй сабағы бар».

Айта кетейік, орталықта балалар 18 күн ем қабылдайды. Мұнда медициналық оңалту және әлеуметтік оңалту бөлімдері жұмыс істейді. Емдік дене шынықтыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті аппараттар орнатылған.

Лаура Нақыпқызы