Білім басқармасының жаңа басшысы қабылдау өткізді

919

Жақында тағайындалған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан зиялы қауым өкілдерін қабылдады. Кездесуге келген ел ағалары жаңа басшыға білім саласындағы бір қатар былықтарды жайып салды.

Оны шешу жолында бірігіп жұмыс істеуге қауқарлы екендерін жеткізді. Алдыңғы толқынның көтерген әрбір екінші мәселесі оқытушылардың біліктілігіне байланысты болды. Сондай-ақ, оқушылардың тәртібін қатаңдатып, білімін көтеруді тапсырды.

Қабылдауда айтылған өзекті сауалдарды мұқият тыңдаған басқарма басшысы жаңа оқу жылында жоюға уәде етті.

Лаура Нақыпқызы