«Болашақ» қауымдастығы қайырымдылық шарасын өткізді

603

Биыл «Болашақ» стипендиясына – 25 жыл. Осыған орай түлектер Шымкентте қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Өңірде 200-ден аса мүшесі бар «Болашақ» түлектері қауымдастығының ұйымдастыруымен тегін мультфильм көрсетілді.

Аз қамтамасыз етілген отбасы және жетім балалар «Құбыжықтар демалыста» анимациялық фильмін тамашалады. Балалар арасында сұранысқа ие бұл туындының үшінші сериясы қойылды.

Аға буынға алғыс айтқан бүлдіршіндер тегін көрсетілімнен әдемі әсер алдық дейді. Ұйымдастырушылар қайырымдылық шарасы аясында 50-ден аса баланы тамақтандырып, оларға арнап аниматорлардың қатысуымен арнайы қойылымдар жоспарлап отырмыз дейді.
Анна Антонова, көрермен: «Құбыжықтар демалыста» анимациялық фильмінің кезекті сериясын көру үшін жиналды. Бұл туынды қызықты әрі пайдалы. Саяхатқа шыққанда осындағы кеңестерді пайдалануға болады».

Ерасыл Төлебаев, «Болашақ түлектері» қауымдастығының төрағасы: «Біз бүгін №3 балалар үйі мен оңалту орталықтарының тәрбиешілерін шақырдық. Онымен қоса, қайырымдылық шараға көп балалы отбасылар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы балаларын қамтыдық. Балалар мультсериалды тамашалап болған соң, тамақтануға барады».

 

Мақпал Рысбаева