Шымкент халқын үздіксіз тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз еткен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не биыл 25 жылдық мерей тойын атап өтуде.
Республикада алғашқылар болып су есептегіш құрылғысын орнатқан шымкенттіктер бүгінде сандық технологияның шапағатын да кеңінен пайдалануда. Мұндай жаңашылдықтарға серіктестік басшылығының жүйелі жұмысы, ұжымдағы білікті мамандардың еңбегі арқасында жету мүмкін болды.
Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:»Өздеріңізге белгілі президент үнемі ауыз суды үнемдеуге шақырады. Соңғы Қазақстан халқына Жолдауында да осы мәселеге көп көңіл бөлді. Бүгінде мекеме жаңа технологияларды кеңінен қолданып келеді. Оны өзіміз Су ресурстары-маркетинг ЖШС-нің жұмысынан байқаймыз. Ия, мекеме керемет жетістіктерге жетті. Қазір сапалы ауыз суды үздіксіз ішіп отырғанымыз -ұжымның арқасы. Сіздерге жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін».
Су қабылдағыш станциясы жаңғыртылды. Жаңа технологияны ендіру нәтижесінде сұйық хлор пайдаланылмайтын болды. Бүгінде ауыз суды дезинфекциялау-зарарсыздандыру үшін таблеткалы тұз қолданылады, ол адам ағзасына қауіпсіз. Жалпы, мекемеде ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөлінеді.
Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы:»Су-тіршілік көзі. Сондықтан, халықты ауыз сумен үздіксіз қамту бұл бір мекеменің, бір әкімдіктің жұмысы емес, бұл бүкіл елдің, ұлттық мүдде. Электр жарығы сөніп қалса, шыдауға болады. Бірақ су болмай қалса, ол үлкен мәселе. Бүгінде Шымкенттегі халықты сумен қамтитын мекеме жұмысты жүйеге қойған, замануаи технологияларды қолданып келе жатқан іргелі кәсіпорындардың бірі».
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының негізінде 1115 шақырым су құбыры, 89,9 шақырым кәріз желісі жаңартылды. Қайта құру және ауыстыру жұмыстары жалғаса бермек.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасына сәйкес, 2023-2026 жылдары 38,3 шақырым кәріз жүйелерін жаңартуға, инвестициялық бағдарламаға қаржы қаралды. Ендігі жерде, осы бағдарлама аясында тозығы жеткен 300 шақырым су құбыры және кәріз жүйесін жаңартуға қаржы көзін шешу үшін мекеме жұмыс атқарады.