Бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

537

Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылыққа күдікті 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Ұсталғандар жәбірленушілерден ақша бопсалаған Түркістан облысы, Шымкент қ. және Астана қ. тұрғындары болып шықты. Қылмыстық топ автокөліктерді иелену мақсатымен бірнеше бопсалау жайттарына қатысы екені белгілі болды, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тергеу барысында анықталғандай 2015 жылғы ақпанда қылмыстық топ мүшелері Мақтаарал ауданының тұрғынына күш көрсетіп, қарыз ақшасын қайтарып беру керек деген сылтаумен ақша талап еткен. Олар жәбірленушіні қала сыртына апарып, күштеп «БМВ» көлігін ақшаға қайтарып береміз деп алып қойған, ал бір айдан кейін тағы бір «ВАЗ» автокөлігін алып, артынан сатып жіберген.

Одан әрі сол жылдың шілде айында қылмыстық топ осылайша ақшаны бопсалап алған Шымкент қ. тұрғынына шабуылдады. Күдіктілер жәбірленушіні ұрып-соғып, қарумен жарақаттаған, содан «Ауди» көлігін алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған жайттар ҚР ҚК бірнеше баптарымен, соның ішінде «бопсалаушылық», «адам ұрлау» және т.б. СДТБТ-не тіркелген.

Үш жыл бойы Түркістан облысының полицейлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сәтті жедел-тергеу шаралары барысында Түркістан облысы ІІД полицейлері бопсалаушылардың ізіне түсіп, қамауға алынды.

Қазіргі таңда Түркістан облысы ІІД Тергеу басқармасы күдіктіге қатысты жиналған материалдармен және айыптау актісімен сотқа жолданған.