Қаладағы “сақалды” құрылыстың бірі – “Бозарық” қосалқы станциясы қайта жанданатын болды. Қала бюджетінен 50 млн. теңге бөлініп, станцияның құрылысы жалғасатын болды. Осы станцияның құрылысы аяқталса, “Астана1” және “Астана 2” қосалқы станцияларын іске қосуға болады. Нәтижесінде тұтынушыларға берілетін жарықтың сапасы жақсарады.

“Астана 1” және 2 қосалқы қос станцияға орнатылған қондырғылардың бәрі заман талабына сай. Қуатылығы 110 МВ станция Шымкент сити, Тұран, озарық шағын ауданы тұрғындарын жарықпен толық қамтуға қауқарлы. Әлеуметік нысандарды айтпағанда әр станция 2 мыңнан астам тұтынушыға сапалы электір энергиясын жеткізе алады.

Естеріңізге салар болсақ, “Астана 1” және “Астана 2” станцияларына электр қуатын беретін Бозарықтағы 160 Мв станцияның құрылысы 2015 жылы басталып, 2017 жылы аяқталуы тиіс еді. Мердігер “ШымкентХимМонтаж” ЖШС-і құрылыстың 80 пайызын аяқтады. Бірақ серіктестіктің өзге нысандарға байланысты міндеттерін орындамауына байланысты сот жұмысты тоқтатқан.

Бозарық станциясы аяқталмаса өзге станциялар жұмыс жасай алмайда. Қуатылығы 110 МВ 6 станция энергияны сол “Бозарық” станциясынан алады.

Құны 6,6 млрд. теңгені құрайтын нысанды толық аяқтау үшін қосымша және 1 млрд. теңгеге жуық қаражат қажет болады дейді сала мамандары. Қала әкімі тұрғындарды сапалы жарықпен қамту мақсатында жұмысты жылдамдатуға тапсырма берді. Қажетті қаржы уақтылы бөлінген жағдайда жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.

Нұрлан Күдерұлы