«Изумидің» тұтынушысы Түркияға жолдаманы жеңіп алды

221

«Изуми» дүкендер желісі тұтынушыларын қуанышқа бөлеп, жеңілдіктер жасауды жалғастырып жатыр. Ай сайын, тіпті жаз маусымында тұрақты тұтуыншыларына үздіксіз сый-таралғысын ұсынып, шетелге саяхаттау үшін ұтыс ойындарын ұйымдастыруды да ұмытқан жоқ.

Бұл жоба «Изумидің» тұрақты тұтынушылары үшін жаңалық емес, тиісінше дәстүрге айналған. Және кезекті ұтыс ойынына түрік және итальяндық брендтерінен 80 сыйлық — былғары белдік, сапалы сөмкелер мен құны қымбат киімдер тігіліп отыр. Сый-таралғыға таласы бар тұтынушылардың да қарасы қалың. Жүздеген жерлесіміз бағын сынауға арнайы келген. Себебі сыйлықтар арасында шетелге саяхат — Түркияға қос бірдей жолдама да бар.

Камила Ахметова

Камила Ахметова, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Біз әркез тұтынушыларымызға сапалы өнімді ұсынумен шектелмейміз, жағымды тосынсыйлар жасап, қуанышқа бөлеп келеміз. Бұл жолы да Түркиядағы 5 жұлдызды қонақүйге жолдама сыйлаймыз. Ондағы ұшақпен ұшу мен жол жүру шығыны өтелген. Осылайша екі жылдан бері жерлестеріміз бен қала қонақтарына шынайы сыйлық жасап, алғыстарын арқалаудамыз».

Өз өңіріміздің таулы аймағына да демалыс қаралыпты мұнда! Ұтыс билеттері арқылы бір емес, үш бірдей жерлесіміз тамаша таулы аймақ — «Изуми тау» демалыс орнына жолдаманы жеңіп алды. Оларды осы аптаның соңында таулы өлке, ондағы жанға жайлы коттедж бен мұнтаздай тұнық хауыз күтеді.

Байсар Назаров

Байсар Назаров, жеңімпаз: «Мен өте қуаныштымын. «Изуми тау» демалыс аймағына отбасыммен барып демалуды көптен бері армандап жүр едім. Енді міне, тілегенім орындалды.  «Изумиге» айтар алғысым шексіз».

Міне, көпшіліктің көптен күткен шешуші сәті де келіп жетті. Дәл қазір теңізге барып демалушының есімі белгілі болмақ. Бұл сәттілік сыйлығын «Изумидің» тұтынушылары тағатсыздана, үлкен үмітпен күткеніне біз де куә болдық.

Супер сыйлық — шуақты әрі ыстық мемлекет — Түркияға жолдаманы Шымкенттің тұрғыны жеңіп алды. Тамаша тарту «Изумидің» тұрақты тұтынушысы — Әлібек Жұмабековке бұйырды.

Әлібек Жұмабеков

Әлібек Жұмабеков, жеңімпаз: «Расында мен Түркияға жолдаманы аламын деп күткен жоқпын. Тіпті ойламадым да. Маусым айында отбасыммен Египетке барып демалғанбыз, енді қазір зайыбыммен Түркияға барамын-ау деген жоспар бар».

Әлібек Жұмабековтың жеңісті нөмірін өткен жылғы жолдаманы жеңіп алған отбасының баласы жәшіктен суырып, таңдап алды. Олар да жеңімпазды арнайы құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Ал ұтыс лотореясы әрмен қарай жалғасады. Қазірдің өзінде «Изумидің» тұтынушыларына осы тамыз айындағы ойын үшін билеттер таратылып жатыр. Бұл жолғы ұтыс жобасына да шетелге саяхат — теңізге жолдама тігілген.

Мөлдір Бекеева