Күз ерте түседі ме?

866
Фото TOPpress.kz

 Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.
«Қазақстанның солтүстік бөлігіне жаңа жер аймағынан суық ауа массалары түсетін болады. Сондықтан ауа райы бұлтты, жаңбырлы, күзгдегідей болады», — деп хабарлайды синоптиктер.

24-25 тамызда солтүстік облыстарда қатты жаңбыр және екпінді жел соғады, ауа температурасы түнде 5-13 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін болады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз жылы ауа-райы сақталады.