Кәсіпкерлерді жемқорлардан қорғау қажет

302

Кәсіпкерлерді жемқорлардан қорғау қажет. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында меморондум жасалды.

Тараптар ынтымақтастық аясында қолайлы инвестициялық климат орнатудың әдісі мен жолдарын қарастырады. Мамандар инвесторлардың бюрократиялық кедергілерге ұшырамасы және жемқорларға жем болмауы үшін күш біріктіреді.

Департамент қызметкерлері палата өкілдерімен бірлесіп жергілікті және шетел инвесторларының өңірде алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз деп отыр.

Ғалым Тұрсынбаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы: «Инвесторлар біздің елде жемқорлық жоқ екеніне сенімді болуы керек. Біз олардың бюрократиялық кедергілерге тап болмауы үшін барымызды саламыз».

Мақпал Рысбаева