Кассадан 150 мың теңгені ұрлап кетті

333

Жуырда Шымкент ҚІІД Абай ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда көше қиылысында орналасқан дәріханалардың біріндегі кассадан бейтаныс азамат 150 000 тг. ақшасын жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткендігін көрсеткен, деп хабарлайды Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Абай ПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жас жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.