Ленгірде көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

346

1 -тамызда 11:10 шұғыл кезекші операторына Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласындағы 1 шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыған.

Пәтердің балконының пластик терезелері, ескі құсқы заттар мен көрпе жанған. Тілсіз жау 11:40-та толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға облыстық ТЖД 9 қызметкері мен 2 техника тартылды.

Ернар Балабеков