Медициналық ЖОО түлектеріне өңірде 3 жыл еңбек ету міндеттелмек

378
Фото baq.kz

Енді медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне өңірлерде үш жыл еңбек ету міндеттелмек. Аталған талап 2019 жылдан бастап қойылмақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Медициналық кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында 2019 жылдан бастап мемлекеттік грантта оқыған түлектерге өңірлерде үш жыл еңбек ету міндеттелмек. Денсаулық сақтау саласындағы осы жəне өзге де адам ресурстарын басқару мәселелері жаңа кодекс жобасында ескеріледі», — деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген жетістіктерді одан əрі дамытуға, бар проблемаларды шешуге бағытталады. Сондай-ақ, жаңа жоба саланың біртіндеп, жоспарлы дамуына негіз болмақ.