Мешітте 300 мың теңгелік ұялы телефонды ұрлап кетті

435

Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-не қала қонағы арызданды. Онда белгісіз тұлға қаладағы мешіттердің бірінде киімінің қалтасынан құны шамамен 300 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен, Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Шымкент қаласының полицейлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Шымкент қ. тұрғынын ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.