Елімізде алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтіп жатыр. «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында ұйымдастырылған екі күндік шара аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 22 жаңа партиялық жобаны іске асыру тәсілдері талқылануда. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жуырда бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды қадап тапсырған болатын.

Шымкент қаласында өтіп жатқан форумға қатысуға келген Бас партияның хатшысы Тамара Дүйсенова жобалардың жергілікті жерлерде жүзеге асырылуымен танысты. Жоғары оқу орындарында ашылған ІТ орталықтарды аралап, балалардың жаңа технологияларды меңгеруін бақылап көрді. Бұл орталықтар бала интернетте сайт ашып, анимациялық фильмдерді құрастыру сияқты қажет дүниелерді үйренеді.

Партия хатшысы бастауыш партия ұйымдарының пленарлық мәжілісіне қатысып та үлгерді. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының өкілдері партия қызметін жаңғырту бойынша пікірлерін ортаға салды. Хатшылық қызметін атқарған қазіргі Шымкент қаласының әкімі партиялық кадрлық резервін дайындау бойынша пікірін жеткізді.

Партияның күші бастауыш ұйымдар. Оның қызметін жандандырып, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру қажет деп есептейді нұротандықтар.

Форумда цифрландыруды жүзеге асыру, бизнестің геоақпараттық онлайн сервисі, шағын және орта бизнесті қолдау, үштілділікке көшу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жайы қамтылды. Екі күнге созылған аймақтық форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлер жинақталады. әБастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру» тұжырымдамасына енгізіліп, Астанада өтетін республикалық форумда қабылданады деп жоспарлануда.

Шынар Оразова