Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының қабылдауына жазылғыңыз келсе. Ескертеміз, облыс мәслихатының аппараты мекенжайын ауыстырды. Олар Түркістан қаласына көшті. Бұл жөнінде шешім жақында өткен облыс мәслихатының кезектен тыс 29-шы сессияда қабылданған болатын.
Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының жаңа мекенжайы:
161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, 28.
/Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің төңірегіндегі ғимаратта орналасқан/.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін облыс мәслихаты аппараты «Нұрсәт» шағынауданы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі ғимаратының екінші қабатында жайғасқан болатын.