Шетелдік елшінің әмиянын ұрлап кетті

381

Шет мемлекеттердің бірінің Қазақстандағы Елшісін «Керуен» сауда орталығында тонап кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанада қалалық ішкі істер департаментінің криминалдық политция қызметкерлері бұған дейін сотты болған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол 17 тамыз күні «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында шет мемлекеттердің бірінің Қазақстандағы Елшісінің пиджагының қалтасынан әмиянын ұрлап кеткен», — деді ол.

Сондай-ақ ресми өкілдің айтуынша, Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының бұған дейін сотты болған тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты мекен-жайынан «РПГ-22» гранатометі табылған.