Шымкент «Гүлзар кентке» айналып келеді

844

Шымкент қаласының тарихында өшпес із қалдырып, шаһардың үшінші мегаполис мәртебесін алуына, тіпті, ондаған жылдар бұрын сүбелі үлес қосқан Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың ескерткіші тұрған гүлзар қайта құрудан өтіп, құрылысы аяқталды.

 

«Жасыл қала» МКК жұмысшылары 2 мың шақырымнан астам аумақты қалалықтар демалатын орынға айналдырды. Сала мамандарының айтуынша, мұнда 470 шаршы метр аяқ жол салынып, көкмайса егілген. Және үлкенді кішілі жиекшамдар орнатылып, орындықтар мен қоқыс құтылары қойылған. Гүлзарда демалушы көпшілік алғысын білдіруде.

Нұрлан Күдерұлы