Шымкенттегі «Қырғы базар» аумағы реттеліп келеді. Жайма базар жиналып, ретсіз сауда қыз-қыз қайнайтын дүңгіршектер де жоқ мұнда. Сот шешімімен заңсыз сауда реттеліп, халыққа ыңғайлы жағдай жасалған.
Мұны осы аумақта әрлі-берлі ағылған жұртшылық та сезінуде. Жаяу жүргіншілер жолы ретке келіп, жол бойына дейін шығып кеткен жабайы базар жойылған. Соңғы үш жылда қызу дауға айналған бұл маңайдағы заңсыз саудаға тосқауыл қойылды. «Бұл жағдай көліктер көп қатынайтын аумақтағы қозғалысқа да оң әсер етуде» дейді тұрғындар.
Мақпал Рысбаева