Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Өзбекстан азаматы қайтыс болды

163

2018 жылғы 12 тамызда шамамен 17 сағат 30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Нәтижесінде, ЖКО салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайдыТүркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы және жеті Өзбекстан азаматтары түрлі деңгейдегі жарақаттарымен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады. Автокөліктер айып тұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері орын алған ЖКО апатының себептерін анықтауда.