Түркістан қаласындағы ретсіз сауда орындары мен белгіленбеген жерлердегі сауда нүктелерін көшіру жұмыстары басталды. Бұған дейін қаладағы ретсіз сауда орындарында «Сауда қызметiн реттеу туралы» заңына сәйкес арнайы құрылған топтың рейдтік шаралары түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылған болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қала басшысы саудагерлер мен базар басшыларының басын қосып мәжілістер өтікізіп, бұл жұмыстардың заңға сәйкес жүргізілетіндігін ескертіп, түсіндірген болатын. Ал бүгін міне нақты шаралар қабылданып, «Қуаныш» базарының маңайындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларды көшіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта тек базар маңайында ғана емес қаладағы белгіленбеген жерлердегі сауда нүктелерінің барлығы жойылып, заңсыз құрылыс нысандары бұзылатын болады.
Бұл әрине облыс орталығы болған Түркістан қаласының статусқа сай келбетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың алғашқысы. Бұл ретсіз сауда орындарына қаладағы «Алтынбұлақ», «Яссы», «Дархан» базарларынан арнайы орындар берілуде.
Шаһар басшылығы саудагерлерді қала сыртына көшіріп, жаңа базардан орын ұсынуда 2 мыңнан аса орын бөлініп, барлық талаптарға сай жабдықталған. Жеміс-жидек пен көкөніске – 500, киім-кешекке 1500 орын қарастырылған. Жаңа орынға жайғасқан сатушылар да риза.
1000-ға жуық сатушы «Алтын бұлақ» базарынан орын алуға өтініш берді.
13-тамыздан бастап қаланың орталығындағы «Қуаныш» базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын көшіру, сүру жұмыстары басталған болатын. Осыған орай белгіленбеген орындарда сауда жасап келген 1000-жуық азамат бүгінде «Алтын бұлақ» базарынан орын алуға өтініш берсе, олардың бірқатары ыңғайлы сауда қатарларына жайғасып, өз саудаларында бастап кетті.
Алдағы уақытта қаладағы өзге де белгіленбеген жерде сауда жасаушы нүктелерді заңды сауда қатарлары мен базарларға көшіріп, жүйлеу жұмыстары өз жалғасын табатын болады.