Облыс тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала – Астанаға жөнелтілді. Енді елордада демалыс күндері Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді. Тамыз айының 11-12 күндері болатын жәрмеңкеде сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп және басқа да өнімдер бар.

Нұржігіт Мырзахметов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:  «Шаруалар тауарларын халыққа ешқандай делдалсыз сатады. Бұл сол үшін жасалып жатқан шара. Жәрмеңкенің шаруаға да тұтынушыға да пайдасы орасан».

Өнімдер елорда төрінде нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан саудаланбақ. Ұйымдастырушылардың ұйғарымымен отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке арқылы ұсынылады. Түркістан облысында Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында елордада 5 рет жәрмеңке өткізу жоспарланған. Бұл сапар соның үшіншісі.

Мақпал Рысбаева