2018 жыл басынан бері жедел-іздестіру іс-шаралар аясында Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері қала базарлары мен басқа да қоғамдық орындарда жасалған 14 тонау жайтын анықтаған. Мысалыға жыл басында Түркістан ҚІІБ-на бірнеше жәбірленуші арызданған, онда базарда белгісіз біреу шабуыл жасап, күш көрсету арқылы ақшасы мен бағалы заттарын алып кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан ҚІІБ-да жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Қызылорда қаласының тұрғынын ұстады. Ол бұрын сотты болған, қала аумағында жасалған тонаудың 4 жайтына қатысы бар Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүлкінің сақтығы үшін қауіпсіздіктің алдын алу шараларын ұстану керектігін ескертеді. Қоғамдық орындарда, көшелер мен базарларда мұқият болу керек. Ұялы телефон, ақша және құжаттарды киімнің ішкі қалталарында немесе жабық сөмкелерде сақтаған жөн.

Егер де Сіз, осындай қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі