Түркістан облысында тағы бір жас жігіт суға кетті

29 шілде күні 19:45 — те Түркістан қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне ұялы Түркістан қаласы, Шаға ауыл округі аумағындағы «Қотыр бұлақ» бұлағында 11.07.1999 жылы туылған азамат суға кеткендігі жайында хабарлама түскен.

Төтенше жағдайлар басқармасының 2 қызметкері  мән жағдайды анықтағанда қасындағы азаматтардың айтуымен шомылып жүрген кезінде аяқтары тартылып, суға батып кеткендігі анықталды.

Судағы іздестіру-құтқару жұмыстары арнайы жасақтың мамандарымен бір сағат бойы жүргізілді. осыншама уақыттан кейін батып кеткен адамның денесі бұлақтан табылып, жағаға шығарылды.

Қасымхан Хамытбек