«Қазіргі заманғы бау-бақша шаруашылығы едәуір үлкен көлемдегі қаржыландыруды керек етеді. Бау-бақша бизнесіндегі ең маңыздысы әрине, құйылған капиталдың өзін-өзі ақтау мерзімі. Бұл ретте бау-бақшаны өсіру технологиясы маңызды рөл атқарады.
Бау-бақша шаруашығында, аграрлық бизнестің кез-келген түрі секілді өз тәуекелдері бар. Бұл тәуекелдер алдымен ауа-райына байланысты, күтпеген қуаңышылық, дауыл немесе қатты қатқақ өнімділікті азайтып, не көшеттерді құртуы мүмкін.
Алайда, заманауи технологияларды қолдана отырып, тәуекел пайызын анағұрлым азайтуға болады. Бұның бірден-бір тәсілі – қарқынды бау өсіру технологиясы. Бүгінде бұл технология жер-жерде кеңінен қолданылып жатыр.
Бау егерде, тамшылатып суғарумен қарқынды бау өсіру технологиясын қолданған жағдайда, егілген көшеттерден бірінші өнімді 3 жылда, ал кейбір жағдайларда 2 жылда алуға болады. Агротехниканың жағдайы жақсы болса 3 жылы қарқынды баудан гектарынан 20 тонна, ал 6-7 жылдары гектарынан 50 тоннаға дейін өнім алуға болады».
Бұл туралы Төлеби ауданының шаруларына Түркия елінен келген «Alma-ata fidancilik» компаниясының құрылтайшысы Атилла Каплан айтып берді. Бұл компания 2011 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс жасайды. Қарқынды алма бағымен жұмыс жасауға ниет білдірушілерге қажетті көшеттерін ұсынып, толық өнім алуға іліккенге дейін қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісін ендіріп, технологиясын үйретеді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бау шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген азаматтарды біздің компания есебінен Түркиядағы осындай бағыттағы шаруа қожалықтарының жұмысымен таныстыра аламыз», — дейді Атилла Каплан. Қосымша ақпарат алу үшін 03883230701 нөміріне немесе info@almaatatarim.com электронды поштаға хабарласуларыңызға болады.