Түркістан қ. Криминалдық полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні тонауға қатысты күдікті жас азаматты ұстады. Ағымдағы жылдың 6 тамызында Түркістан қ. ІІД-не жергілікті тұрғын арызданды, онда көшелердің бірінде белгісіз біреу пышақпен қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткендігі туралы көрсеткен, деп хабарлайдыТүркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.
Келтірілген жалпы шығынның көлемі шамамен 200 мың теңгені құраған. Аталған жайт ҚР ҚК «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қ. ІІД-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қ. тұрғынын ұстады. Тонау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда.
Ал, Түркістан облысы Мақтарал ауданында тәртіп сақшылары ұрлық топтамасына күдікті ретінде үй ұрысын ұстады. Осылайша Мақтарал АІІБ-ның кезекші бөліміне Жетісай қ. тұрғыны арызданды, онда шілде айында үйіне белгісіз біреулер баса кіріп ұялы телефоны мен 200 мың теңге сомасында ақшасын ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Мақтарал АІІБ полицейлері күдікті ретінде Шымкент қ. тұрғынын ұстады. Полицейлердің анықтауынша ұсталған азамат ауданның аумағында жасалған тағы да бір ұрлыққа қатысы бар екен. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.