Медицина саласында бүгінде көптеген жаңашылдықтар енгізілуде. Бұрынғы қолданылған әдіс тәсілдердің орнын жаңаша, заманауи әдістермен ем жүргізілуде.
Жуырда «Асар» шағынауданындағы №1 балалар ауруханасында қауіпті жарақат бөлімі ашылды. Онда жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілетін болады. Сүйектерді қалпына келтіру бойынша оталар жасалады. Соның бірі — остеосинтез. Аталған отадан кейін гипстеу қажет емес, бала бір айдан кейін таяқ сүйенбей -ақ өздігінен жүріп кетеді.