Зейнеткер ауласында есірткі өсірген

454

Қаратау ПБ жергілікті полиция қызметкерлері «Көкнәр 2018» жедел-сауықтыру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының егде жастағы тұрғынының үйінен есірткі затына ұқсас өсімдік бар екендігін анықтады, деп хабарлайды Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында ауласынан 38 түп жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі заты марихуанаға ұқсас өсімдік зат тәркілеп алды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.