Жұмысшы топ балабақшаларды тексеруде

604

Қаладағы 130 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерген қалалық білім басқармасының арнайы құрылған тобы енді бала бақшаларды аралауға кірісті. 24 тамызға дейін төрт аудан бойынша 88 бала бақшаны көріп шығады. Бүгін біздің түсіру тобы да сол жұмысшы тобымен бала бақшалардың алғашқысында болып қайтты.

Комиссия мүшелерінің басты назары мекеменің жылу жүйелерінде болды. Себебі, биыл барлық бала бақшалардың жылу жүйелерін жөндеу, сығымдау жұмыстары үшін бюджеттен 15 млнү тенге қаржы бөлінген. Ал осы топтағы ата — аналар комитетінің мүшелері болса, балалардың тағамына, жатын бөлмелеріне және тазалығына көңіл аударды. Бүгін №27 бала бақшада болған жұмысшы тобы біраз мәселерге қанық болды. Жалпы, бүлдіршіндерге жасалған жағдай жақсы, — дейді олар.

“Достық” шағынауданында қолданысқа 2010 жылы берілген №10 бала бақшада 130 бүлдіршін тәрбиеленеді. Ұжым биыл ғимарат шатырына суағар орнатып, жылу жүйелерін сығымдауға бөлінген 120 мың тенгені уақтында игерген. Ендігі жұмыс — бала бақшаны қоршап берсе дейді. Одан бөлек, мұнда асхана да жөндеуді талап етеді.

Жұмысшы тобы барлық мәселелер бойынша өтініш тілектерді қалалық білім басқармасына жеткізеді.

Нұрлан Күдерұлы