Жаңа арбаттың құрылысы басталды

473

Шымкенттегі Бейбітшілік көшесінде жаңа арбаттың құрылысы басталды. Жауаптылардың айтуынша, бұл орын — нағыз арбат болуы тиіс. Бұған дейін арбат деп айтылып жүрген Бекет батыр көшесінің бойындағы демалыс орны гүлзар қатарында екен.

Алғашқы арбаттың құрылысын жүргізуге 560 млн. теңге қаражат бөлінген. Ұзындығы 430, ені 35 метрді құрайды деп бекітілді. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Алайда, мердігерлер бұл нысанды көпшіліктің қолданысына ертерек тапсырмақ ниетте.

Алғашқы арбатқа егілетін көкмайсаның аумағы 1786 шаршы метр. Мұндағы аймаққа үш мыңнан астам хризантема, 2 мың канна гүлдері отырғызылады. 90 орындық, 26 үлкен, 76 кіші жарықшам қойылады. 8 мың шаршы метр аяқжол төселіп, жиектастар граниттен қойылмақ.

6 субұрқақ салынып, бір жерасты ұңғыма қазылады. Әл Фараби және Республика даңғылдары жағынан арка орнатылмақ. Алғашқы жоба бойынша арбаттың бір бөлігінде автокөлік жолы қарастырылған болатын. Мамандар оны қайта қарап, өзгерістер енгізбекші.

Нұрлан Күдерұлы