Бүгінде Келес ауданындағы Абай ауылында көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан құрылған ауданның әкімі А.Есбаев атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 19 миллион теңге қарастырылып, «Бони С» ЖШС тарапынан жаяу жүргіншілер жолы салынып, лоток орнатылуда.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері орналасып жатқан ғимараттарды көріп шықты. Келес ауданының Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек, Ақтөбе, Жүзімдік, Алпамыс батыр, Ошақты ауылдық округтерінің елді мекендеріндегі электр жүйелері де жаңартылуда. Аталған жұмысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвестициялық жобалар жасалып, жаңарту жұмыстары іске асырылуда.