Түркістан облыстық полициясына Сарыағаш ауданының жергілікті тұрғыны алаяқтық жайты туралы арызданды. Онда ер адам бейтаныс адамның сеніміне кіріп, құрылыстық ағаштан жасалған қалыпты жалға алып, кейіннен металл қабылдау орнына өткізгендігі туралы көрсеткен.
Алаяқтық жолымен жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен миллион теңгені құрады. Аталған жайт «алаяқтық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген, деп хабарлайдыТүркістан облыстық Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш АІІБ полицейлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған құрылыс материалдары заңды иесіне қайтарылған. Алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін, полицейлер тұрғындарға бейтаныс тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мұқият болуды ескертеді. Шектен тыс сенгіш болмай, әртүрлі алаяқтардың айласына ермеу керек.
Егер де, Сіз, осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбанына айналсаңыз, тез арада «102» телефон нөмірі арқылы Түркістан облыстық полицияға хабарласыңыз.