Жол — патрульдік полициясының автокөлігі «Камаз»-бен соқтығысты

110
Фото Tengrinews

Бүгін, шамамен сағат 11:10-да Шымкент – Леңгір тасжолында Шымкент қаласынан шыға берісінде жол -көлік оқиғасы орын алды. Шымкент ҚІІД Жол — патрульдік полицияның қызметтік автокөлігі «Камаз» автокөлігімен соқтығысқан.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру барысында аталған оқиғаның мән-жайы анықталады.

Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы