Ұлы ерлікке тағзым

559

Ұлы ерлікке тағзым. Бүгін Шымкенттегі №24 С. Ерубаев атындағы мектеп-лицейінде Ленинградты қоршаудан босатылғанына алдағы жылы 75 жыл толуына орай арнайы іс-шара өтті.

“Ленинград блокадасы — Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі. Оны азат ету қала тұрғындары үшін оңайға түскен жоқ. Артиллериялардан жауған оқ пен бомбаның астында ленинградтықтар 900 күн бойы қорқынышты күндер мен түндерді бастан кешірді.

Мектеп ұжымы қолға алған «Ленинградтық өрендерім» деген атаумен өткен бұл шарада зұлмат жылдарды бейнелеген туындылар ұсынылды. Жас өрендер ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етті.

Мақпал Рысбаева