Әлемнің үздік нейрохирургтары Шымкентте бас қосты

396

Әлемнің үздік нейрохирругттарының қатысуымен Шымкентте халықаралық конференция өтуде. Білікті дәрігерлер өңіріміздің мамандарымен бірлесіп «Паркинсон» ауруын анықтап емдеу шаралары бойынша тәжірибе алмасуда.

Шарада Барселона, Ұлыбритания, Түркия, Грузия елінен келген мамандар дәріс оқып, сырқатты емдеуде тиімді тәсілдерді үйретпек. Халықаралық конференция аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы шетелдік әріптестерімен меморандум түзбек.

Екі жақты келісім бойынша облыстағы дәрігерлер шетелдерде біліктілігін арттырады деп жоспарлануда. Айта кетейік, әлемнің үздік нейрохирургтарының қатысуымен конференция екі күнге жалағасады.

Лаура Нақыпқызы