Шардара қаласындағы “Өтеғұл” шағынауданының тұрғыны Оксана Кирсанованың жуырда төтеннен үйі өртеніп кеткен болатын. Тілсіз жау электр сымының тұйықталуынан шыққан. Көп балалы ананың жағдайы жергілікті билікті бей жай қалдырмады.
Қала әкімі аппараты жанынан арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. 20-21 тамыз күндері зардап шеккен отбасыға асарлатып құрылыс материалдары жеткізіліп берілді.
Одан бөлек қаржылай көмек те көрсетілді. Дәл жаңа оқу жылының қарсаңында орын алғандықтан зардап шеккен отбасының мектеп жасындағы ұл-қыздарына мектеп киімдерін алып берді. О.Кирсанованың отбасындағы 8 қызы мен 3 ұлына қыстық киімдер әперілді. Үйге қажетті ыдыс аяқ, көрпе тағы басқа тұрмысқа қажетті заттармен қамтылды.
Бұдан бөлек, «Алихан» сауда дүкенінен азық-түлік жеткізілді. Ал қалған заттар отбасының қажеттілігіне байланысты беріліп отыруы бақылауға алынған.
Бүгінгі таңға өртенген үйінің қасынан 20х6 уақытша тұрғын жайдың іргетасы құйылды. Осы уақытша үйге қажетті көмек беріліп, құрылыс жұмыстарын тез арада аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.