51 заңсыз орнатылған дүңгіршек орнынан алынды

603

Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес, Т. Рысқұлов және М. Х. Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Жеміс-жидек», «Квас» дүңгіршектері сонымен қатар Ә. Жангелдин көшесі «R-LABASH» дүңгіршегі иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.

Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 51 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.