Автокөлік газ құбырына соғылып, жанып кетті

353

5 қыркүйек күні таңғы сағат 3:00-де Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыл әскер ауылының маңында «Ауди» көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соққан.

Салдарынан газ құбыры жарылып, соңы өртке ұласқан. Автокөлік түгелімен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда газбен жабдықтаушы 10 ШРП, 87 ГРПШ өшірілді. 980 тұрғын үй газсыз отыр.

Жарылған газ құбыры тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қарамағында. Келтірілген залалды жою жұмыстары жүргізілуде. Қалыпқа келтірілгеннен кейін ғана газ берілетін болады.

Мұндай оқиға бірінші рет орын алып отырған жоқ. 6 тамызда да Сарыағаш ауданындағы газ құбырын нөмірсіз «Тойота Камри» көлігі соғып, жүргізуші қайтыс болған еді.