Елбасы Шымкентке жұмыс сапарымен келді

494

Мемлекет басшысының Шымкент қаласындағы жұмыс сапары «ПКОП» ЖШС-нің Шымкент мұнай өңдеу зауытынан басталды. Мемлекет басшысы жаңарған зауыттың жұмысымен танысты.

Шымкент МӨЗ жаңғырту жобасы 2011 жылы Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында басталған болатын. Жобаның қуаттылығы жылына 6 млн тонна мұнай өңдеуге жетеді. Инвестиция көлемі — 580 млрд. теңге.

Айта кетейік, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру жобасы екі кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде компания Кеден одағында қабылданған К4 және К5 экологиялық класты (аналогы Еуро-4 және Еуро-5) бензин және дизель отынының өндірісін құрды. 15 тамызда зауытта жоғары сапалы өнім шығарыла бастады. Жылына қуаттылығы 2 млн тонна шикізат өндіретін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысын орнату жоспарланып, UOP американдық компанияның технологиясымен жүзеге асырылды.

Тікелей айдалатын мазутты қабылдағанға дейін энергия ресурстарын — отын газын, электр энергиясын, салқындатқыш суды, БӨП ауасын, азот және су буындарын тұрақты қабылдау қамтамасыз етілген, энергетикалық жабдықтар, дала аспаптары, технологиялық процесті басқарудың және аварияға қарсы қорғанудың бөлінген жүйесі, мазут циркуляциясы қосылған.

28 қыркүйек күні RFCC кешені іске қосылды. Ол зауыт айналымын ұлғайтып, К-4 және К-5 класты сапалы бензин мен дизель өндіруге мүмкіндік береді.

shymkent.gov.kz