Кәсіпкерлерге кедергі тыйылмай тұр

338

Үшінші мегаполис кәсіпкерлерінің құқын қорғау тақырыбы Кәсіпкерлер Палатасының кезекті отырысының өзекті тақырыбына айналды. 2018 жылдың қыркүйек айына дейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіпкерлерінен 300 шағым келіп түссе, оның 11 пайызы әкімшілік кедергілерге қатысты.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан өз ісіне немқұрайлы қарайтындардың кесірінен кей кездері кәсіпкерлер моральдық және материалдық шығынға батады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың құжаттарын қарау, келісімшарт түзу бойынша келеңсіздіктерге жол бергендердің мәселесін қарау үшін әкімдіктерге арнайы хат жолданатын болды. Осылай деп келісімге келген Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кездесудің қатысушылары алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеудің көздерін қарастырды.

Жанар Есенбекова