Мұнай ұрлағандар…

304

Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық сотында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі басталды. Сотталушылар ұйымдасып құбыр арқылы мұнай өнімдерін ұрлап келген деп айыпталып отыр. Айып тағылғандардың дені 40-42 жастағы ер азаматтар. Біреуі бұрын сотты болған. Жетеудің алтауы өңіріміздің тумасы.

Сотталушыларға  ҚР ҚК нің 262 бабы, 2-ші бөлігімен, 188 баптың 4-ші бөлігі 1,2,3 бөліктерімен, 197 баптың 4-ші бөлігі 1,2 тармағыммен айып тағылған.  Бүгінгі сот процесінде судьяға сотталушылар тарапынан өтінішхаттар кеп түсті. Бірі тергеу изоляторында жатқан сегіз айдан бері перзенттерін көмегенін алға тартып, кездесу ұйымдастыруға рұқсат беруін сұранды. Сот өтінімдерді қарайтын болып шешті. Адвокаттардың бірінің жаңа тағайындалғанын ескеріп, сот отырысы кейінге қалдырылды.