Мектептерге оқушылардың бірыңғай тамақтану стандарттарын енгізу мәселесі қаралды

503

Жетісай ауданы әкімдігінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жол картасын іске асыру мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Шараның мақсаты — халықтың денсаулығына және өркендеуіне эпидемиологиялық қадағалау жүргізу, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын қорғау болып табылады.

Жиынға Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы орталық арухананың бас дәрігерлері, аудан әкімдіктерінің дербес бөлім басшылары, аудандық ішкі істер басқармасының жауапты қызметкерлері, қала, кент, ауыл округі әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында денсаулықтың бұзылыстарын ерте анықтау арқылы(скрининг) инфекциялық емес ауруларды алдын алу, сектораралық қарым-қатынасты нығайтып, басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста халықтың әлеуметтік жағдайын нығайту, ДДСҰ ұсынған жобаларына енгізу: «Салауатты жұмыс орындар», «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер», «Салауатты университеттер», «Салауатты емдеу-профилактикалық мекемелер», «Салауатты қалалар» жобаларының мақсат-міндеттері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, балалар денсаулығын сақтап, одан әрі нығайту, мектептерге оқушылардың бірыңғай тамақтану стандарттарын, оның ішінде 4 апталық ас мәзірін енгізу, мектептерде жан жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстайтын жастарды тәрбиелеу, халық арасында дұрыс тамақтануды кең көлемде насихаттау мәселелері көптің талқысына салынды.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі