Түркістан облысы, Ордабасы аудандық ІІБ-не қалта телефонын ұрлап кеткендігі туралы әйел адам арызданған. Шағымданушы өз арызында текси көлігінде белгісіз біреулердің сөмкесінен ұялы телефонын үптеп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт СДТБТ-не «ұрлық» жайтымен тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі — 20 мың теңгені құраған. Түркістан облысының тәртіп сақшылары қалта телефонын ұрлап, оңай олжа тапқысы келген күдіктіні ізін суытпай тауып алған. Ордабасы аудандық ІІБ полицейлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде, Түркістан облысының азаматшасын анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта, ұялы телефон ұрлығы оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Жанар Есенбекова