Полицейлер тонау және автокөлік ұрлау қылмыстарына қатысты күдіктілерді ұстады

343

Түркістан қ. ІІБ полиция қызметкерлері тонау және автокөлік ұрлығына қатысы бар күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстаған. Түркістан қ. ІІБ-на 2018 жылғы мамырда жергілікті тұрғын арызданған, онда көшелердің бірінде белгісіз біреу ақшасы мен құны 80 мың теңге шамасында тұратын ұялы телефонын алып қойғанын көрсеткен. Аталған жайт «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан қ. ІІБ полицейлері бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Тонаудан кейін бір айдан соң ұсталған күдікті мас күйінде жүк көлігін айдап кетіп, аялдамаға соқтығысып, қала көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Автокөлік ұрлығы жайтын полицейлер «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын жарты миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда тонау және автокөлік ұрлығы жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары процессуалдық шешім қабылдану үшін сотқа жолданған.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі