28 жастағы жігіт бақташыны ұрып өлтірді

428

Кісі өлімі. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қос бақташының көңіл көтеруі кісі өлімімен аяқталды. Сарыағаш аудандық ІІБ тергеушісінің келтірген өтінішхаты негізінде Сарыағаш аудандық сотының санкциясымен 28 жастағы жігіт кісі өлтіргені үшін қамауға алынды. Күдікті Сапарбек 44 жастағы бақташыны ұрып өлтірген. Тергеу кезінде белгілі болғаны, күдікті Сапарбек марқұммен бірге кешкісін спирттік ішімдік ішкен. Бақташылар бірге арақ ішіп отырып, сөзге келіп қалады. Ұрыс соңы жұдырықтасуға, тіпті төбелеске ұласып, 28 жастағы тепсе темір үзетін жас жігіт 44 жастағы бақташыны ұырып тастаған.  Алған дене жарақатттарының салдарынан 44 жастағы бақташы бақилық болған. Арақ ішіп араздасып, жаға жыртысып, ақыры адам өлтіріп тынған 28 жастағы жігіт тергеу кезінде екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов мәлімдеді.