Шымкент қаласының әкімдігі “Нұрсәт» шағынауданындағы Әкімшілік іскерлік орталығына қоныс аударды. Ғимараттың маңдайшасына «Шымкент қаласының әкімдігі» деп латын харпімен жазып та қойды.

Қалалық әкімдік Түркістанға көш түзеген облыс әкімдігінің босаған ғимаратына көшіп барды. «Нұрсәттегі» 16 қабатты еңселі ғимартта қалалық әкімдік жұмысын бастап те кетті.