Шымкентте шенеуніктер МКД қызметкеріне пара бергені үшін ұсталды

596
Фото tengrinews.kz

Шымкентте шенеуніктер пара беріп жатқан жерінен ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шымкент қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде Түркістан облысы бойынша Білім басқармасы жанындағы Әдістемелік орталықтың басшысы, дене шынықтыру дамыту бөлімінің басшысы және сол орталықтың бас есепшісі алдын ала келісім бойынша пара беріп жатқан жерінен ұстады», — делінген хабарламада.

МКД өкілдерінің мәліметінше, олар — үш күдікті Шымкент қалалық МКД ЭҚТ қызметкеріне осыған дейін мәдени іс-шараларға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты оң шешім қабылдауы үшін 6 миллион теңге көлемінде пара берді деген күдікке ілінді.

10 қыркүйекте Шымкент қалалық арнайы тергеу сотының шешімімен оларға қатысты бұлтарпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі реестрге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.