Шымкентте 288 шөлмек ұрлаған Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері сотталды. Ол қылмысын кезекті тексеру кезін жасағаны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарманың бас маманы Шымкенттегі арақ-шарап қоймаларының бірінде акцизді маркалардың сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жүргізген. Осы сәтті пайдаланып ол қоймадағы ішімдіктерді қолды еткен. Алайда оның ұрлығы артынша-ақ әшкере болды.
Нәтижесінде қызметкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 361 бабы 2 бөлігімен іс қозғалып, тергеу кезінде қылмысы дәлелін тапқан. Сот оны бір жыл шартты мерзімге соттау туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте 5 жыл бойына жұмыс істеу құқынан айырылды.